Өскеменге үш күндік сапармен Германияның ресми делегациясы келеді

ӨСКЕМЕН. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Өскеменге Германияның ресми делегациясы келеді.
None
None

Оның құрамында Германияның Экономика және технология министрлігінің өкілі, ТМД елдерімен сыртқы саясат байланыстары жөніндегі департамент жетекшісінің орынбасары Франк Вайзиг және Германияның ірі кәсіпорындарының жоғары дәрежелі қызметкерлері бар.

Үш күндік сапар аясында облыстың басшылығымен, қазақстандық әріптестермен кездесудер өтеді.

Аймақтағы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің ақпараты бойынша, Германияның делегациясы Шығыс Қазақстан облысына алғаш рет келіп отыр.

Соңғы жаңалықтар