17:31, 31 Тамыз 2025 | GMT +5
Өскеменге жаңа трамвайлар жеткізілді
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласына Беларусь елінен 3 жаңа трамвай сатып алынды.
«Өскемен көлік компаниясы» ЖШС мәліметіне сүйенсек, трамвайлар Беларусьтегі «БелКоммунМаш» зауытында жасалған.
– Әр трамвайда 8 бейнебақылау камерасы, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус бар. Бір рельсті көлік 130 жолаушыға дейін тасымалдай алады. Қазір жаңа трамвайлар ONAY жүйесіне қосылып жатыр. Бұл жұмыс аяқталғаннан кейін олар рельске шығады, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, бүгінде қала бойынша күн сайын желіге 9 трамвай шығады. Олардың әрқайсысы мыңға жуық жолаушыны тасымалдайды.
Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде 80-нен асқан қарттар трамвайда қайта тегін жүретіні хабарланған болатын.