Өскеменнен шалғайдағы аудандарға автокеруен аттанды -ШҚО-да «Ауылым - алтын бесігім» акциясы басталды

КЕМЕН. 10 қараша. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін таңертең «Ауылым - алтын бесігім» көлік керуені Өскеменнен аттанды.
None
None

Керуен Қатонқарағай, Глубокое және Шемонаиха аудандарына барады.

Өскемендіктер шалғдайдағы ауылдарды қоса алғанда 10-нан астам елді мекенді аралайды. Олар баратын әрбір ауылда құрамында әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер және басқа да мамандар бар кеңес беру топтарының жұмыстары ұымдастырылады. Сонымен қатар, керуен құрамында бір топ саясаткерлер бар, олар ауыл халқына еліміздің егемендік жылдары қол жеткізген жетістіктері туралы айтады.

Көлік керуені құр қол кеткен жоқ. Олар ең қажетті 20-дан астам азық-түлік түрлерін артып кетті, оларды ауылдарға төмен бағамен сатады.

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған акция облыс әкімі Б.Сапарбаевтың тапсырмасымен ұйымдастырылды. Бұл шараға Семей қаласы да қатысады.

Соңғы жаңалықтар