Өскеменнің әкімі жер қатынастары және сәулет ведомстволарынан халықпен жұмыс істеудегі төрешілдікті және сөзбұйдалықты жоюды талап етті

ӨСКЕМЕН. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменнің әкімі Темірбек Қасымжанов мемлекеттік басқару органдарында азаматтардың өтініштерін қараудың жай-күйі бойынша көшпелі кеңес өткізді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыс орталының басшысы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінде болды. Ондағы кездесуге құжаттарды ресімдеу кезінде орын алатын сөзбұйдалыққа орай халықтың жаппай білдірген өтініші себеп болды. Қала әкімімен кездесуде адамдар осы мәселе жөнінде шағым білдірген еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Әкім жергілікті БАҚ арқылы халыққа түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізу керектігін айтты. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін мерзімінде жете орындамағаны үшін әкім аппаратының қызметкерлеріне, мемлекеттік басқару органдарының басшылары мен мамандарына 14 тәртіптік жаза қолданылды.
Соңғы жаңалықтар