Өскеменнің әуежайында болған ұшаққа қатысты оқиға бойынша алғаш рет ресми пікір білдірілді

ӨСКЕМЕН. 7 сәуір. ҚазАқпарат - Өскеменнің әуежайында трактор техникасының машинисті В.П. Устименко мас күйінде «СКАТ» әуе компаниясына тиесілі UP-АН416 нөмірлі АН-24РВ әуе кемесіне зақым келтірді.
None
None

Қар тазалау көлігі ұшақтың қанатын 2 рет зақымдаған, әуе компаниясына миллиондаған шығын келтірілді. Оқиға 23 наурызда сағат 16. 45-те болды.

6 сәуірде «Өскемен қаласы әуежайы» АҚ-ның атқарушы директоры С.М. Оразғалиевтің таратқан ресми баспасөз хабарламасында, өткізілген қызметтік тескеру оқиғаның орын алуының себептерін анықтағаны айтылған. Мәселен, трактор техникасының машинисті Устименко В.П. мас күйінде жерде тұрған әуе кемесіне зақым келтірді, арнайы көлік қызметінің қызметкерлері В.П. Устименконың көлікті жүргізуіне мұрсат беріп, арнайы техникада жұмыс өндірісін бақыламаған. «Өскемен қаласы әуежайы» АҚ-ның қызметкерлерге сыйақы төлеу ережесінің 8-бөлігіне сәйкес, жұмыскерлер қызметтік міндеттерін орындау барысында 300 айлық есептік көрсеткіштен асатын материалдық зақым келтірген жағдайда,  қызметтің барлық жұмысшысы 100 пайыз сыйақыдан айырылады.   

2012 жылдың 6 сәуіріне дейін арнайы көлік қызметінің жұмысшыларынан еңбек келісімшартын бұзу туралы өтініштер түскен жоқ.  

Соңғы жаңалықтар