Өскеменнің бауырлас қалаларының өнер ұжымдары халықаралық фестивальде концерт қойды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменнің, Ресейдің Барнаул, Түркияның Бурса, Қытайдың Шәуешек қалаларынан келген фольклорлық, хореографиялық, вокалдық топтар мен аспапшылары бүгін ШҚО орталығында концерт қойды.
None
None

Концертке атсалысу үшін бауырлас қалалардың үздік өнер ұжымдары: ресейлік TWINS аккордеонистер дуеті, Барнаул қаласының мемлекеттік оркестрінің солисі Игорь Бекетов, ресей кубогының екі дүркін жеңімпазы - «Лариса» би студиясы және Шәуешек қаласының танымал әншілері Ермек Райхан мен Кайрат Хамиұлы (ҚХР) сынды басқа да өнерпаздар арнайы келді.

Бұдан бірер сағат бұрын ШҚО орталығындағы Достық үйінде Өскемен қаласының әкімі Темірбек Касымжанов, әкімдік басқармаларының басшылары, қоғамдық ұйымдар мен этномәдени ұйымдардың өкілдері қатысқан бауырлас қалалар делегацияларының кездесуі өткен болатын.

Облыс орталығы әкімдігі хабарлағандай, бауырлас қалалар өз бетінше өмір сүріп жатқанымен, бір-бірін маңызды шаралардан құлағдар етуді ұмытқан емес. Қалалардың әріптестігі делегация, көркем өнер және спорт ұжымдары, көрме, әдебиет, кинофильмдер және қала өмірі жайлы фотосуреттер алмасуынан және бірлескен жобалардан айқын көрініс табады.

Сондай-ақ, бауырлас қалалар делегациялары ҚР Конституция күні мерекесіне арналған салтанатты шараға қатысты.

Айта кетейік, бүгінге дейін Өскемен мен РФ Алтай өлкесінің Барнаул, Израилдің Йокнеам, Оңтүстік Кореяның Каннын, Беларусьтің Бобруйск, Түркияның Бурса, Қытайдың Шәуешек және Иян қалаларымен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени әріптестік жөнінде Келісімге қол қойылған.

Соңғы жаңалықтар