Өскеменнің инфрақұрылымын жаңғыртуға 9 млрд теңге жоспарланды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменді үлкен өзгерістер күтіп тұр. Бүгін ШҚО әкімінің қатысуымен облыс орталығының жол инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша өткен мәжілісте көшелерді кеңейту, көлік тораптарын, көпір жүргінші өткелін қайта жаңарту бойынша 18 инфрақұрылымдық жобаның көлемі, орны айтылды.
None
None

Қала әкімі Ерлан Аймұқановтың ақпаратына сәйкес барлық 18 жоба жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу сатысында, 2017 жылғы қаңтардың аяғына дейін жобалардың көпшілігі бойынша жұмыстар аяқталады. Жобаларды іске асыруға 9 млрд теңгеге жуық қаражат көзделген.

«Келесі жылы Өскеменнің көлік жүйесі өзгереді. Барлық жобалар қаржымен қамтамасыз етілетін болады», - деді жобалаушылардың жұмысына оң баға берген өңір басшысы Даниал Ахметов. 

Соңғы жаңалықтар