Өскеменнің қоғамдастығы аймақтағы денсаулық сақтауға жұмсалған мемлекеттік шығынның нәтижелілігін талқылайды

«Сорос-Қазақстан» қорының «Мемлекеттік қаржының шынайылығы» бағдарламасының қолдауымен жүзеге асып отырған жоба аясындағы талқылау «ЭМИР» қоғамдық қорының бастамасымен жүзеге асып отыр.
«Біз азаматтық қоғамдастық өкілдерінің, денсаулық сақтау саласындағы мамандар мен билік органдары өкілдерінің сындарлы сұхбаты денсаулық сақтауға жұмсалатын бюджет шығындарын нәтижелілігін арттыру арқылы облыс халқын сапалы медициналық қызметпен қамту бойынша қолданылатын шараларды анықтауға мүмкіндік береді деп үміттенеміз», - дейді «ЭМИР» ҚҚ жобасының үйлестірушісі Нина Данилова.
«Денсаулық сақтау министрлігі жинағының ақпараты бойынша, облыс халқының өмрі сүру ұзақтығы 67,22 жас (ҚР-дағы өмір сүру деңгейінің орташа көрсеткіші - 68,6 жыл екені белгілі). Өлімнің ең жоғары көрсеткіші осы аймақта белгіленген (100 мыңға адамға 159,07 өлім, ал ҚР бойынша бұл көрсеткіш - 111,76), ал туберкулез дертінің салдарынан болатын өлім республикадағы орташа көрсеткіштен екі есеге асып түседі. Алайда облыстың денсаулық сақтауға арналған бюджеті Қазақстандағы ең үлкен қаражаттардың бірін құрайды (Алматыдан кейінгі екінші орын)», - деп атап өтті Н.Данилова.