Өскеменнің қоғамдық қеңесі қаланы көгалдандыру бойынша әкімшіліктің жоспарын мақұлдады

ӨСКЕМЕН. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменде өткен қалалық Қоғамдық кеңестің отырысында оның қатысушылары қаланы көгалдандыру бойынша басым жұмыстарды мақұлдады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Облыс орталығының әкімі Ислам Әбішев көгалдандыру бойынша қалалық депутаттардың бастамасы туралы еске салды, оның нәтижесінде 56 мың жас көшеттер отырғызылды. Бірақ бұл акциялар облыс орталығын көгалдандыру мәселелерін жүйелі және кешенді шешуге мүмкіндік бермейді.

Қоғамдық кеңесте атап айтылғанындай, көгалдандыру бойынша проблемалар көп жылдар бойы қордаланып қалған және сондықтан да оларды шешу үшін бюджеттік қаражаттар талап етіледі. Қазіргі уақытта қалалық әкімдікте қаланы көгалдандыру бойынша перспективалық жоспар әзірленуде.

Соңғы жаңалықтар