Өскеменнің көшелерінде - Ұлы Жеңісті бейнелейтін баннерлер

ӨСКЕМЕН. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Жеңіс күнінің 67 жылдығы құрметіне Ұлы Отан соғысына қатысқан өскемендік ардагерлердің фотолары мен есімдерін қалалық баннерлерге орналастыру идеясының арқасында қалада енді бай мұрағат құрылды.
None
None

Бүгінде облыс орталығында Ұлы Отан соғысының 385 қатысушысы бар, олардың кейбіреулері қалалық әкімдік пен «Жаңа Тау» компаниясының ерекше жобасының басты кейіпкерлеріне айналды.

«Біз өздерінің суреттерін баннерлерге орналастыру келісімін берген ардагерлермен байланысып, олардың өсиет сөздерін ұрпақтары үшін жазып алдық. Ардагерлеріміз бұл ұсынысымызға жақсы қарады», - деп баяндайды қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы Бұлбұл Бәкінова.

«Жаңа Тау» басшысы Алексей Родионовтың айтуынша, қалалықтар бұл ұсынысқа үн қатып, көптеген фотосуреттерін әкелген. «Өкінішке қарай, сапаның төмендігі мен «портреттік емес форматтан» біз барлық суреттерді қолдана алмадық. Бірақ енді қала бай мұрағатқа ие болды, оны қалай да болса алдағы жұмысымызда пайдаланамыз», - дейді Алексей.

Соңғы жаңалықтар