Өскеменнің мейрамханалары Жаңа жылда бос тұратын болды

Мейрамханалар мен дәмханалардың көбіне Жаңа жылдық кештерге арналған тапсырыс түспепті. Мысалы, 12 мейрамхананың тек төртеуі ғанга қазір Жаңа жыл кешіне арналған мерекелік кешке дайындалып жатыр. Осы мейрамханалардағы Жаңа жыл кешінің бағасы бір адам үшін - 8 мың теңгеден бастап 30 мың теңгеге дейін жетеді екен. Бұдан өзге, көңіл көтеру кешінің бағдарламасы үшін мейрамханаға кіру құны тағы бар.
«Қала тұрғындары Жаңа жылға орай, мейрамханалар мен дәмханалардан неге бас тартып отыр?» - деген тілшінің сұрағына жауап бере отырып, тағы бір мейрамхананың әкімшісі Жанат: «қазір орта жастағы тұтынушылар тыныштық іздейді де қала сыртындағы демалыс орындарын немесе жеке үйдегі кешті таңдайды. Корпоративтік кештердің қызығы қазір кеткен, жастар көбіне клубқа барады, ал, тұтынушылардың «элитасы» қарапайым мейрамхана мен дәмханаларды емес, клуб типіндегі қымбат мейрамханалардың жаңа залдарын таңдайды»,-деген пікірін айтты.