Осло – әлемдегі ең «жасыл» қала

АСТАНА. KAZINFORM — Норвегия астанасы Осло Ұлыбританиядағы ең ірі круиздік компаниялардың бірі Iglu Cruise нұсқасы бойынша әлемнің ең жасыл қалалары рейтингінде бірінші орынға шықты. 

Осло – әлемдегі ең «жасыл» қала
Фото: АЗЕРТАДЖ

АЗЕРТАДЖ агенттігінің хабарлауынша, «жасыл индекс» жасалған кезде жасыл аймақтардың үлесі, қоғамдық саябақтардың саны және ауа сапасы ескерілген.

Қала 100 мүмкін балдың 77,3-ін жинаған.

Бұған ауаның жоғары тазалығы және тұрғындардың 95 пайызының жасыл аймақтарға жаяу жету мүмкіндігі әсер еткен.

Екінші орында – Вильнюс (72,3 балл). Литва астанасының 61 пайызы жасыл аймақтарға тиесілі, сондай-ақ мұнда шамамен 1,5 мың шақырым жаяу және велосипед жолдары бар.

Үздік ондыққа Хельсинки, Вена, Канберра, Сидней, Стокгольм, Сингапур, Рединг және Мюнхен кірді.

Сарапшылар табиғи туризмге қызығушылық артып келе жатқанын айтады. Қазіргі таңда саяхатшылар қалалық өмір мен табиғатқа қолжетімділікті қатар ұсынатын бағыттарды жиі таңдайды.

Норвегияның туристік саласы өкілдерінің пікірінше, мұндай рейтинг Ослоның экологиялық әрі тұрақты қала ретіндегі халықаралық имиджін нығайтады. Соңғы жылдары қалада туристер ағыны өсіп, қонақ үйлердің толымдылығы рекордтық деңгейге жеткен. 

Айта кетелік Алматыда 2030 жылы әр тұрғынға 15 шаршы метр жасыл желек болады

Соңғы жаңалықтар
Референдум