Осло қаласында Қазақстан Елшісі Норвегияның трансұлттық корпорация басшыларымен кездесті - ҚР СІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жуырда Қазақстанның Норвегия Корольдігіндегі Елшісі Асқар Тажиев «Scatec AS» және «Elkem AS» норвег трансұлттық корпорациялары басшыларымен кездесіп, Қазақстанда ірі инвестициялық жобаларды дайындау мен оларды жүзеге асыру мәселесін талқылады, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Кездесуде «Elkem Solar» күн батареясын өндіретін компания директоры Р.Тронстад ҚР үкіметінің шет ел инвесторлары үшін жасап отырған жеңілдіктерін ерекше атап өтті. «Scatec AS» басқарма төрағасы А.Бьорсетпен кездесу барысында А.Тажиев норвег корпорациясының көшбасшылығын ескеріп, Қазақстанда күш-қуаты мол энергоқондырғы құрылысын салу мәселесін талқылады. Күн батареясын Алматы облысындағы полиметалл мен сирек жерді металл кен ошағы территориясында салу ұсынылды. Аталған компаниялардың өкілдері Қазақстанға келуге ниет білдірді.

Соңғы жаңалықтар