Ослодағы АҚШ елшілігінде жарылыс болды

АСТАНА. KAZINFORM — Жексенбі күні таңертең Ослодағы Америка елшілігінің жанында қатты жарылыс естілді, деп хабарлайды Report.

Ослодағы АҚШ елшілігінде жарылыс болды
Фото: Report

Оқыс оқиға туралы Норвегия полициясы мәлімдеді. 

Әзірге жарылысқа не себеп болғаны және кімнің қатысы болуы мүмкін екені белгісіз. Полиция елшілікпен үнемі байланыс орнатып отыр. Жарылыстан зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Таяу Шығыста Иран мен АҚШ арасындағы соғыс қаупі күшейгендіктен, ақпан айында Норвегия өз әскерін осы аймақтан шығару туралы шешімін қабылдады.

Бұған дейін Сирияның Сувейде провинциясында жарылыс болды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум