11:56, 11 Қараша 2013 | GMT +5
Осы аптада Қазақстанға Швейцария Конфедерациясы Кантондар кеңесінің төрағасы сапарлайды
АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат -12-14 қарашада біздің елге ресми сапармен Швейцария Конфедерациясы Кантондар кеңесінің төрағасы (Парламент жоғары палатасы) Филиппо Ломбарди келеді. Бұл туралы бүгінгі брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Сапар аясында бірқатар екіжақты кездесулер өтеді деп жоспарланған. Сапардың басты мақсаты - парламентаралық қарым-қатынастар мен халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтіп, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарға серпін беру.