Осы аптада Нұр-Сұлтанда өтетін жәрмеңкеде Ақтөбе облысының өнімдері ұсынылады
Кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 25 және 26 қыркүйекте Ақтөбе облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен өтеді. Дәстүрлі түрде ол барлық санитарлық нормалар мен карантин талаптарын сақтай отырып, Хан Шатыр СОО жанындағы алаңда өтеді.
Жәрмеңкеге Ақтөбе облысының 12 ауданы мен Ақтөбе қаласынан 20-дан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеу кәсіпорындары өз өнімдерін әкеледі.
Елорда тұрғындары мен қонақтарына келесі өнімдер ұсынылады:
- еттің барлық түрі - 60 тонна;
- картоп пен көкөністер - 61 тонна;
- сүт өнімдері -16 тонна;
- өсімдік майы - 1 тонна;
- жұмыртқа - 17,2 мың дана.;
- балық - 5,3 тонна;
- бал - 0,5 тонна;
- шұжық өнімдері - 8 тонна;
- ұн және макарон өнімдері - 8,5 тонна;
- басқа өнімдер - 19,7 тонна.
Өңірден жалпы көлемі 197,2 тоннадан астам тауар әкелінеді.
Жәрмеңке өнімдерінің бағасы дәстүрлі түрде нарықтық бағадан 10-15% - ға төмен болады.
Айта кету керек, жәрмеңкеге келушілер карантин талаптарын қатаң сақтауы керек: бетперде киіп, әлеуметтік қашықтық туралы ұмытпаңыз және қолды арнайы құралдармен дезинфекциялаңыз.