Осы уақытта 5 облыста дала және орман өрттерімен күрес жүруде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республика аумағында өрттің туындау қаупі жоғары маусымы жалғасуда. 6 қыркүйек күнгі жағдай бойынша, құрғақ шөптің жануына қатысты 11 оқиғаға бақылауда. Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында тұтанған жалынмен күрес жұмыстары осы уақытта жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

Осы уақытта 5 облыста дала және орман өрттерімен күрес жүруде

null

үҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің бөлімшелері, жергілікті атқарушы биліктер, орман шаруашылықтары және ерікті өрт сөндіру құрылымдары осы уақытта еліміздің бес аймағында: Ақтөбе (Мұғалжар ауданының Батпақкөл, Егіндібұлақ ауылдық округтері, Шалқар ауданының Айшуақ ауылдық округі), Алматы (Ескелді ауданының Қаратал, Райымбек ауданының Алғабас ауылдық округтері), Шығыс Қазақстан (Көкпекті ауданының Биғаш, Ұлан ауданының Бозанбай ауылдық округтері), Қарағанды (Жаңаарқа ауданының Целинный ауылдық округі, Бұқар жырау ауданының Қушоқы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 12 шақырым жерде, Нұра ауданының Баршын ауылдық округі), Ақмола (Ақкөл ауданының Новорыбинск ауылдық округі) облыстарында орман және дала өрттерімен күресуде. Жұмыстарға 456 адам және 77 техника жұмылдырылды.
null

Статистика көрсетіп отырғандай, орман және дала өрттерінің туындауына тұрғындардың өрт қауіпсіздігін сақтамауы (отты толық сөндірмей кету, күл мен күкірт шырпыларын тастап кету, құрғақ шөпке өрт қою, бөтелкелердің қалдықтары, т.б.) және табиғи құбылыстар (құрғақ найзағай разрядтары) себеп болуда.

Тілсіз жаудың тұтату қаупі жоғары маусым басталғалы бері еліміз аумағында 587 табиғи өрт оқиғасы тіркелсе, оның 472-сі орман, 115-і дала өрті. Жалын шарпыған жерлердің жалпы аумағы 800 мың гектардан астамды құрайды.
null

«ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарды орманды және дала алқаптарында жүргенде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады», - делінген хабарламада.