Осындай Тәуелсіздік мейрамын тойлаған біздер бақытты ұрпақпыз - Сейітқали Алшынбаев, кәсіпкер

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат -Тарихи өлшеммен алғанда ширек ғасырға жетер-жетпес уақыт бір мезет қана. Тәуелсіз Қазақстан осы жылдар ішінде төрткүл дүниеге толықтай мойындата алды.
None
None

«Нұрай» ЖШС құрылтайшысы, облыстық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер Сейтітқали Алшынбаев осылай дейді.

-Құрылыс саласымен айналысатын біздің серіктестік тәуелсіздік жылдары Сыр бойында қаншама әлеуметтік нысандарды салды. Осының бәрі еліміздегі тыныштық пен ұлтаралық келісімдердің арқасында жүзеге асып отыр. Елбасының жыл сайынғы дәстүрлі Жолдаулары алдағы кезеңнің бағдаршамы секілді. Онда негізгі басым бағыттар жан-жақты көрсетілген. Біз дағдарыс уақытында да жұмыстан қол үзіп қалғанымыз жоқ, қайта қызу қарқынмен алға жылжыдық. Бұл Мемлекет басшысы ұстанып отырған саясаттың кемелділігін көрсетеді. Бүгінгідей Тәуелсіздік мерекесін ұжым ішінде де атап өтеміз. Осындай Тәуелсіздік мейрамын тойлаған біздер бақытты ұрпақпыз. Әлем таныған дербес еліміздің бақыты баянды болуы жолында әрбіріміз аянбай өз үлесімізді қосуға міндеттіміз,-деп қорытты сөзін С. Алшынбаев

Соңғы жаңалықтар