«Отан қорғаушы» әскери-патриоттық лагерінде 100 бала әскери барлау қызметінің қыр-сырын меңгерді

Ұйымдастырушылар айтуынша, шараның мақсаты - жасөспірімдерді азаматтық-патриоттық тарихи дәстүрді сақтауға, мемлекет қауіпсіздігін күшейтуге өзіндік үлес қоса білуге баулу және салауатты өмір салтын насихаттау, оларды Қазақстанның Қарулы күштері қызметіне дайындау.
Лагерьге 100 ер бала қатысты. Олардың ішінде мектеп оқушылары, әскери-патриоттық, әскери-спорттық клуб, әскери-спорттық клуб федерациясы Семей бөлімшесінің мүшелері мен белсенділері болды. «Отан қорғаушы» әскери-патриоттық лагерінің жұмыс бағдарламасы бойынша болашақ Отан қорғаушылар бір апта ішінде ҚР Қорғаныс министрлігі Құрлық әскері Әскери институтының полигонында қару-жарақ және әскери техникалармен танысып, қоян-қолтық ұрыс пен атыс, әскери барлау қызметтерінің қыр-сырларын меңгерді, әскери-патриоттық «Зарница» ойынына қатысты, деп хабарланған ШҚО әкімдігінің ресми сайтында.