Отан қорғаушылар күні қарсаңында ұялы байланыс операторы Қарағандыда орналасқан әскери бөлімде болып, «Үйге қоңырау» акциясын өткізді

ҚАРАҒАНДЫ. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Бүгін Қарағандыдағы № 31775 әскери бөлімнің сарбаздарына телефон арқылы туған-туыстарымен тегін сөйлесіп қалудың сәті түсті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Отан қорғаушылар күні қарсаңында «Үйге қоңырау» акциясын «Кар-Тел» ЖШС-нің (ТМ Beeline) Қарағанды филиалы өткізді. «Оператордың бұл бастамасын бөлім басшылары бірден қолдады. Біз осы акцияны 2009 жылы шақырылған сарбаздардың пайдаланып қалуына мүмкіндік бердік. Әскери ұжымда бірер ай қызмет еткен жас сарбаздар үшін бұл - үлкен сыйлық. Оның үстіне, бізде республиканың барлық аймағының өкілдері әскери борышын өтеп жатыр», - дейді № 31775 әскери бөлімнің рота командирі Олег Спирин.«Ертең, мамырдың 7-сінде дәл осындай акция Сарандағы № 44803 әскери бөлімде өтеді. Ал, мамырдың 9-ында, Жеңіс күні «Қызметтеске қоңырау» акциясы өтіп, онда ардагерлер өздерінің қарулас жолдастарымен телефон арқылы тегін сөйлесе алады», деп хабарлайды компания.
Соңғы жаңалықтар