Отандастар қоры Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне өтпек

«Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 100 пайыз мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтары Сыртқы істер министрлігінен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілсін.
Қаулы жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды. Сондай-ақ, ол босқындар мәселесі бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға оң әсер етеді. Аталған қордың Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беру қандастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, өңірлердің қажеттіліктерін ескере отырып, оларды ұтымды қоныстандыру жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ оларға бастапқы кезеңде бейімделуге және қордың әлеуетін толық көлемде іске асыруға мүмкіндік береді деп ойлаймыз», - делінген құжатта.
Қаулыдағы міндеттерді орындау Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Сыртқы істер министрлігі және Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне жүктелген. Құжатты ашық талқылау 4 қарашаға дейін жалғасады.