00:15, 05 Ақпан 2024 | GMT +5
Отандық хоккей тарихындағы алғаш рет ауыл балалары Астанада бақ сынайды
АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласындағы «Барыс» СК» мұзайдынында отандық хоккей тарихындағы тұңғыш рет ауылдық балалар-жасөспірім командалары арасындағы «SAMRUK BALA CUP» республикалық турнирінің ашылу салтанаты өтт.

Осылайша ауылдық елдімекендерде тұратын 300-ден астам қатысушының басын қосқан бәсеке 6 ақпанда мәресіне жетеді.
Жарысқа Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының аудандарынан жиырма төрт ұжым осы ғаламат спорт шарасы тарихындағы алғашқы жеңімпаз атану құқығы үшін тартысқа түседі.