Отандық музейлерге келушілер саны артты

Центральный Государственный музей Республики Казахстан, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі
Фото: Александр Павский / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Еліміздегі музейлердің жалпы қоры 4,3 млн-ға жуық объектіні құрайды. Бұл жайында Мәдениет және ақпарат министрлігінен мәлім етті.

«Жалпы ресми статистикаға сүйенсек, бүгінде елімізде 275 мемлекеттік музей жұмыс жасайды, оның 5-уі – республикалық музей, 12-сі – республикалық музей-қорық, 259-ы – жергілікті деңгейдегі музей. Музейлердің жалпы қоры 4,3 млн-ға жуық болса, оның 360 мыңы ұлттық мәдени игілік объектісі», - деп атап өтеді министрліктен агенттіктің ресми сауалына орай.

Ведомство мәліметінше, музейлерге келушілер санын арттыру үшін түрлі іс-шаралар қабылданып жатыр.

«Атап айтқанда 2023 жылы Ұлттық музейде «Қолөнершілер орталығы» мен Қазақстандағы бірде-бір музейде көшірмесі жоқ «Палеонтологии» залы ашылуына орай келушілер саны 2022 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артып, 570 043 адамды (2022 жылы – 326 811) құрады. Жүйелі жүргізілген маркетингтік жұмыстардың нәтижесінде соңғы үш жылда отандық музейлерге келушілер саны 18 пайызға артып, 6 225 900 адамға (2021 жылы 5 104 900 мың адам) жетті», - деді министрліктен.

Соңғы жаңалықтар