01:36, 20 Сәуір 2026 | GMT +5
Отандық таеквондошылар Испаниядағы турнирде 4 медаль жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM — 18–19 сәуір күндері Испанияның Аликанте қаласында таеквондодан (WT) «Spain Open» халықаралық жарысы өтті, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Дода қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль иеленді.
Атап айтқанда:
Бейбарыс Қаблан (+87 кг)
Дамир Шүленов (74 кг)
Әзім Ниязов (63 кг)
Назым Махмұтова (73 кг)
Айта кетейік, аталған бәсекеге 66 елден 550 спортшы қатысты.
Осыдан бұрын Әділет Шері таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионатында жүлдегер атанғанын жазғанбыз.