Отандық тауарларды ілгерілету үшін 5 трансшекаралық хаб салынады
АСТАНА. KAZINFORM – Инвесторларды тарту орталықтарына айналатын 5 трансшекаралық хаб салынады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Арман Шаққалиев айтты.

— Қазақстандық тауарлардың экспортын ілгерілету үшін қажетті инфрақұрылым салынып жатыр. Инвесторларды тарту орталықтарына айналатын және көрші елдермен шикізаттық емес экспорттың өсуіне мүмкіндік беретін 5 трансшекаралық хаб салынатын болады. Сыртқы инфрақұрылымды қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілде. Елшіліктердің қолдауымен Қытайда 2 серіктес көрме алаңдары іске қосылды және Үрімші қаласында сауда өкілдігі ашылды. Дубайда «Qazaq Trade House» сауда үйі жұмысын бастады, - деді ведомство басшысы.
Министрдің атап өтуінше, Біріккен Араб Әмірліктері, Ауғанстан, Тәжікстан, Италия, Өзбекстан, Ресей және Қырғызстанды қоса алғанда, негізгі серіктес елдерде 10 сауда-экономикалық миссия ұйымдастырылды.
— Экспортты ілгерілетудегі маңызды қадам — аймақтандыру қағидаты бойынша жаңа тәсілі енгізілді. Сондай-ақ, Үрімшімен сауда 22 пайызға, Сычуань провинциясына экспорт 49 пайызға және Цзянсуға экспорт төрт есе өсті. Қазақстандық компаниялардың ең ірі және танымал көрмелерге қатысуы қамтамасыз етілді, олар: CIFTIS, CIIE, Digital Expo, Еуразия ЭКСПО. Қазақстандық тауарларды ұлттық павильондар арқылы jd.com, Doiyin, Alibaba халықаралық электрондық алаңдарда ілгерілету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деді Арман Шаққалиев.
Бұған дейін Арман Шаққалиев сауда министрлігінің басым міндеттерін атағанын жазған едік.