13:50, 24 Маусым 2025 | GMT +5
Отандық жеңіл атлет Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
АСТАНА. KAZINFORM — Жеңіл атлет Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлде еншіледі, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Овчинникова Польша астанасы Варшавада өткен Konopacka Warsaw Classic халықаралық турнирінде күміс жүлдегер атанды.
Ол биіктікке секіру сайысында екінші нәтиже көрсетті.
Овчинникова 185 сантиметр биіктікті бағындырды. Бірінші орынды 192 см нәтижемен украиналық Юлия Левченко жеңіп алса, үшінші орынға 185 см көрсеткішпен польшалық Алисия Высоцка ие болды.
Айта кетейік, бұған дейін Кристина Овчинникова Грекияда өткен турнирде жеңімпаз атанған болатын.
Сонымен қоса еліміздің қай өңірінде жаңа стадион салынып, ескілері жаңартылатыны белгілі болды.