Отандық ауыл шаруашылығы саласына молынан инвестиция салған елдер белгілі болды
Астана халықаралық форумының аясында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген министр отандық ауыл шаруашылығы саласына инвестиция салып жатқан негізгі елдерді атады.
«Негізгі инвесторлар – Еуропалық Одақ елдері, Қытай, Ресей. Соңғы кездері бұл секторға АҚШ та кіре бастады», - деді Ербол Қарашөкеев.
Ол сондай-ақ бүгінде Қазақстанда инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын атап өтті.
«Біз өз тарапымыздан инвесторлардың жұмысы үшін барлық қажетті жағдайды жасауға тырысамыз. Біздің жоспарымызға сәйкес, алдағы бес жылда біз нарыққа бірнеше ірі инвесторларды тартып, елімзде өнімді терең өңдеу бойынша кәсіпорындар ашқымыз келеді», - деп толықтырды Ербол Қарашөкеев.
Сонымен бірге, Ербол Қарашөкеев Қатар инвесторлары Қазақстанда астық өңдеу зауытын салуға ниетті екенін мәлім етті.