Отандық медицина қызметкерлері балалар бүйрегінің функциясы жеткіліксіздігінің орнын ауыстыру терапиясының жаңа тәсілін кеңінен қолданбақ

АСТАНА. Желтоқсанның 8-і. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Отандық медицина қызметкерлері балалар бүйрегінің функциясы жеткіліксіздігінің орнын ауыстыру терапиясының Қазақстан үшін жаңа тәсілін кеңінен қолданбақ.
None
None

 Бүгін бұл туралы елорданың Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығында (ҰАБҒО) өткен осы тақырыпқа арналған шеберлік сынып барысында сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 «Бүйрек жеткіліксіздігімен ауыратын науқастарды емдеудің бұл түрі әлемде қолданылады. Бұған дейін бізде болмайтын. Оның қолайлылығы - кішкентай бүлдіршіндерді емдеуге мүмкіндік беретіндігінде. Осыған ұқсас гемодиализ алатын балалар ауруханада «жасанды бүйрек» атты үлкен аппаратқа байланып жатады. Олардың айлап, тіпті кейде жылдап ауруханадан шықпайтын кездері болады. Ал перитонеалдық диализді балалар ата-аналарының және орталық мамандарының бақылауымен үйде де қабылдай алады», деп атап өтті профессор, Қазақстан нефрологтары қауымдастығының президенті, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттық нефрологы Әсия Қанатбаева.

  ҚР ДСМ бас штаттық нефрологының айтып өткеніндей, аталмыш әдіс перитонеалдық диализ деп аталады. Хирургиялық операция арқылы науқастың құрсақ қуысына жіңішке түтікше енгізіледі. Осы түтікше арқылы құрсақ қуысы арнайы стерильді ерітіндімен толтырылып, науқастың қанынан зиянды заттар шыға бастайды. Ә.Қанатбаеваның айтуынша, осы бағытта қазақстандық медицина қызметкерлерінде алғашқы тәжірибесі бар, 2 бала перитонеалдық диализге ауыстырылды.

 Сонымен қатар, қазақстандық дәрігерлерді осы тәсілге үйретуге Мәскеу қаласының Республикалық балалар клиникалық емханасы созылмалы гемодиализ бөлімінің меңгерушісі Игорь Дьяченко шеберлік сыныпқа қатысты. «Бұл балалар қалай болғанда да бүйректі ауыстырып отырғызуды қажет етеді. Ал емдеудің орнын ауыстыру әдістері бұған уақыт беру үшін ғана пайдаланылады. Осы емге мұқтаж әлемдегі 90 пайыз бала ғана перитонеалдық диализ алады. Ал жалпы алғанда, барлық науқастар жасына қарамастан бүйректі ауыстырып отырғызуды қажет етеді. Бұл емдеудің орнын ауыстыру тәсілінің ең маңыздысы, мақсаты»,  деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар