Отандық өндірісті дағдарысқа қарсы іс-шаралардың негізгі күші ретінде қарастыру қажет - С.Ахметов

АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - . Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің қатысуымен өткен ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің алқа мәжілісінде аталмыш ведомствоның басшысы Серік Ахметов айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгінгі таңда отандық көлік саласының тұтыну әлеуеті айтарлықтай жоғары болып отыр. Бұл битум, авиа отыны, металл ұстындары, қосалқы бөлшектер, метиздер, бағыттамалы бұрма, резина- металл бұйымдары мен химия өндірісіне тікелей байланысты. Бүгінде осы өндірісте дағдарысқа қарсы шаралардың негізгі салалық резервтері шоғырланған. Отандық өндірісті дағдарысқа қарсы іс-шаралардың негізгі күші ретінде қарастырумыз қажет. Осыған орай жеке капитал негізіндегі өндірістік бастамаларды қаржыландыру ісіне «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын кеңінен тартқан жөн», - деді С.Ахметов.
Соңғы жаңалықтар