Отандық өндірушілер «Қазақстандікін сатып ал» тақырыбы аясында Бурабайда бас қосады

АСТАНА. 22 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы «Rixos» халықаралық қонақ үйінде «Қазақстандікін сатып ал» тақырыбымен диалог алаңы ашылады,
None
None

деп хабарлады «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту бойынша ұлттық агенттігі» АҚ-ның баспасөз қызметінен.

Шара отандық өндірушілерді ынтымақтастыққа тарту, сондай-ақ жергілікті қамтуды дамыту және тиімді келісімшарттарға қол қою мүмкіндіктеріне қолғабыс ету мақсатында ұйымдастырылды.

Шараға сондай-ақ Қазцинк, ENRC, Қазақмыс, Ютария және жер қойнауын пайдаланушы тағы басқа ірі компаниялар, сондай-ақ отандық тауарларды өндірушілер мен қызмет көрсетушілер қатысады.

Шараны ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту бойынша ұлттық агенттігі» АҚ ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар