Отандық өндірушілер мемлекет жағдай жасайды екен деп қарап отырмауы тиіс ? Үкімет басшысы

АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Отандық өндірушілер мемлекет жағдай жасайды екен деп қарап отырмауы тиіс. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында өткен қазақстандық тауар, жұмыс және қызмет өндірушілердің жалпыұлттық форумында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Бүгін ашық әңгіме болды. Оның нәтижесі бойынша шағын және ірі бизнес құрылымдары мен жалпы қоғам нақты жауаптар күтіп отыр. Елбасы Үкіметтің, «Нұр Отан» партиясының алдына отандық тауар өндірушілерді дамыту бағытында нақты міндеттер жүктеді. Соңғы апталарда дағдарысқа қарсы тұруға қатысты бірқатар шешімдер қабылданды. Оның ішінде шағын және орта бизнесті қолдау, қаржы жүйесін тұрақтандыру, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және тағы басқалар бар», деді ол. Сондай-ақ оның атап көрсеткеніндей, бюджеттен, ұлттық қордан бөлініп жатқан ресурстардың тұтынушыларға жетіп жатқанын анықтауда осы сынды кері байланыстарды өткізу маңызды. «Қолға алынып жатқан шаралардан күтілетін түпкі нәтиженің қандай екенін жіті қадағалап отырған абзал. Өйткені 2009 жылға белгілеген басты мақсат халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін сақтау мен қазіргі бәсекелестік нарықтық жағдайда ол кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады», деді Министрлер Кабинетінің басшысы.К. Мәсімов бүгінде мемлекеттік бір топ компаниялар мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ және «ҚазАгро» мемлекеттік сатып алулар заңына енбей қалғанын және үстіміздегі жылы жергілікті кәсіпорындардың импортпен салыстырғандағы айырмасы 20 пайызды құру керектігін қадап айтты.«Бұл айтарлықтай үлкен сома, екінші жағынан отандық өндірушілер мемлекет жағдай жасайды екен деп қарап отырмауы тиіс. Олардың өнімдерінің бәсекеге қабілетті, сапалы және барлық стандарттарға сәйкес келуі міндетін ешкім алып тастаған жоқ. Бұл екіжақты бірлескен жұмыс болуы қажет», деді Үкімет басшысы.
Соңғы жаңалықтар