16:51, 08 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Отандық өндірушілердің тауарларын қолдауға қосымша 10, 7 миллиард теңге бағытталады - Қаржы министрі
АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Отандық өндірушілердің тауарларын қолдауға қосымша 10,7 миллиард теңге бағытталады.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған Қаржы министрі Болат Жәмішев айтты.
Министрдің айтуына қарағанда, аталған қаржының 7,8 миллиард теңгесі қазақстандық астықты халықаралық нарыққа шығаруға, 1,1 миллиарды ірі қараның шетелдік тұқымының жас төлін алуды субсидиялауға және 1,5 миллиарды «Жайық балық» өндірістік базасы үшін кеме мен тоңазытқыш сатып алуға жұмсалмақ.