Отандық сарапшылар Астана процесі бойынша баяндама әзірледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Парасат» жүйелі зерттеулер институтының сарапшылары Астана процесі бойынша «АСТАНА ПРОЦЕСІ: алдын-ала қорытындылары, маңызы мен перспективалары» атты баяндама әзірледі. Аталған баяндама - халықаралық терроризмнің таралу аясында Сирия бойынша келіссөздер процесінің алдын-ала қорытындыларын талдау және жүйелеу болып табылады.
None
None

«Бүгінде Таяу Шығыстағы ахуал аталған аймаққа ғана емес, бүкіл әлемнің қауіпсіздік жүйесіне қауіп төндіріп тұр. Қазақстан қақтығыстың бейбіт жолмен шешілуін қолдайды. Сондықтан, сирияаралық келіссөздердің Астанадағы раунды Сириядағы ахуалды бейбіт реттеудің негізгі кезеңдерінің бірі болып саналады» - деген болатын «Парасат» жүйелі зерттеулер институтының директоры Нұрсұлтан Ахмедия баянда таныстырылымы барысында.

Айта кетейік, «Парасат» жүйелі зерттеулер институтының сарапшылары әзірлеген баяндаманың өз ерекшелігі бар. Ол - Сирия дағдарысын бейбіт шешу жолдары бойынша Қазақстанда жасалған алғашқы талдау-зерттеу материалы болып саналады.

Баяндамада келіссөздер тараптарының ұстанымдары, Астана келіссөздер процесінің алдын-ала қорытындыларын бағалау мәселесі көтеріледі.  

Қазақстан Сирия қақтығысы басталған уақыттан бері сириялық қақтығысты тек бейбіт сұқбат жолымен және бітімге келу арқылы шешу мүмкін екенін атады. «Шамамен 6 жыл бойы жалғасып жатқан қантөгіс түрлі өркениет пен мәдениет тоғысқан өлкеге қайғы-қасіреттен басқа ештеңе әкелмеді. Бейбітшілікті насихаттайтын Қазақ елі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Таяу Шығыс өңіріндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықтың орнап, беки түсуіне мүдделілік танытады», - деген болатын Елбасы Н. Назарбаев Астана процесіндегі тараптарға жолдаған өз Үндеуінде. Сондықтан, Астана процесі аясында барлық тараптарды тарта отырып, сириялық үкімет пен оппозициялық топтарды тікелей келіссөздерді жалғастыруға шақырады.

Еске сала кетейік, Сирия бойынша келіссөздер Қазақстан астанасында ағымдағы жылы 23-25 қаңтар, 15-16 ақпан және 14-15 наурызда және Халықаралық кездесудің төртінші раунды 3-4 мамырда өтті.

Оған қоса, ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстан ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде Сирия ахуалын бейбіт реттеу бойынша Астана процесінің келесі кезеңін қабылдай алады деп есептейді. Оның айтуынша, Астана процесінің өтетін күнін және орнын ауыстыру туралы мәселе алдымызда тұрған жоқ. «Менің ойымша, Қазақстанда ЭКСПО барысында Астана процесінің келесі кезеңін өткізуге қауқары бар», - деп атап өтті министр.

Шетелдік және отандық саясаттанушылар Қазақстан Сириядағы ахуалды реттеу процесінің орталық ойыншысына айналды деп санайды. «Астана процесі - бұл бүгінде реттеу үшін жол іздейтін басты мүкіндік. Бұл Қазақстанның беделінің өскенін және оның бұл істегі жетекші рөлін көрсетеді. Сириядағы қантөгісті тоқтату өте маңызды, сондықтан Астана процесінің рөлі үлкен және Қазақстанның рөлі құптарлық бастама» - деп атады АҚШ саясаттанушысы Ариэль Коэн.

Астана процесі өзінің қақтығысты шешуге ғана бағытталғанын көрсетіп, Қазақстанды халықаралық саясатта өзін «әділ менеджер» ретінде танытуына мүмкіндік берді. Астанадағы келіссөздер барысындағы белгілі бір геосаяси тәуекелдерге қарамастан Қазақстан өзінің бейтараптығын сақтап қалды. Блокаралық текетіреске килікпей, осылайша ел сыртқы саясатының басты қағидалары көпвекторлылық пен прагматизмге берік екенін танытты. 

Соңғы жаңалықтар