Отандық тауар өндірушілер көрме аймағына сыймай қалды

Бірінші залда осы уақытқа дейін «Қазақстанның үздік тауары» атағына ие болған компаниялар орналасса, екінші залда отандық өнімдерді шығарып жатқан басқа да кәсіпорындардың тауарларын көруге болады. Жалпы, көрмеге еліміздің 350 компаниясы қатысып жатыр. Олар киім-кешек, тамақ өнімдері, құрылыс материалдары, төсек-орын, ойыншықтар, аяқ-киім, жиһаз, дәрі-дәрмек, косметика, кілемдер, ұлттық киімдер, қолөнер бұйымдары, электр жабдықтар, xимия тауарлары, жылыту қазандықтары, кітаптар мен көкөніс өнімдерін алып келді. Машина жасау кәсіпорындары да өз макеттерін көрмеге қойды. Көрмеде отандық тауарларды көріп қана қоймай, арзан бағаға сатып алуға да болады.
Айта кетейік, бүгінгі шаралар тауар өндірушелірінің «Ұлы Дала елі» атты III форумы аясында ашылды. Форум аясында осы саладағы өзекті мәселелерді талқылап, үздік кәсіпорындарды марапаттау жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, менеджмент пен бәсекелестікті арттыруға арналған семинарлар ұйымдастырылады.
Отандық тауарларлың көрмесі 30 шілдеге дейін жалғасады.