Отандық тауарларды сатып алуда, қазақстандық өнімдерді жарнамалауда субсидиялау шараларын қабылдау қажет ? А. Перуашев

АСТАНА. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ – Отандық тауарларды сатып алуда, қазақстандық өнімдерді жарнамалауда субсидиялау шараларын қабылдау қажет. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстан кәсіпкерлерінің конгресінде Қазақстанның «Атамекен» одағы ұлттық экономикалық палатасының төрағасы Азат Перуашев айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Осы орайда А. Перуашев отандық өндірушілер өндіретін автомобильдер мен тұрмыстық техникаларды сатып алу барысында азаматтарды бір мәртелік нормалы субсидиялау жөніндегі Еуропалық елдердің және Қытайдың тәжірибесіне тоқталды. Мәселен, құны 10 000 еуролық жаңа автомобильді сатып алу барысында Германияда мемлекет азаматтарға 2000 еуро өтемақы төлейді. Бұл өз кезегінде тұтынушылар тарапынан сұранысты арттырған. Мұндай тәжірибе Францияда, Англияда, Польшада қолданылатын көрінеді.
Соңғы жаңалықтар