Отанға деген махаббатты кез келген адамның жүрегіне тек ән әлемі арқылы жеткізуге болады - С. Нұраханов

Оның айтуынша тек ән, музыка әлемі арқылы әрбір адамның бойында халқының тарихын білуге, салт-дәстүрін сақтауға деген құштарлықты оятуға болады.
«Халықаралық «BalaTurkvizyon» балалар әндері байқауы жас дарынды әншілерге жаңа құдыретті әннің туылуына куә болу бақытын сыйлайды. Балалар! Сіздердің таланттарыңыз, өнерлеріңіз қазылар алқасы тарапынан да көрермендер тарапынан да лайықты бағасын алады деген сенімдемін. Бұл байқау, араларыңызда бағы жанған жас әншінің бүкіл шығармашылық тағдырын белгілеп беруі мүмкін», - деді С. Нұраханов.
«Бөбек» орталығында өткен салтанатты концерттік шараға аталмыш байқау аясында еліміздің әрбір өңірінде іріктеу турларын жүргізетін 16 тәлімгер - яғни, Қазақстан эстрадасының жас жұлдыздары қатысып, дарынды жасөспірім әншілермен бірге концерт берді.
Бүгінгі шараға «Бөбек» орталығының дарынды оқушылары, қаламыздағы дарынды жасөспірім әншілер қатысады.