Отбасы банк гендерлік чемпион деп танылды

марапат
Фото: www.carecprogram.org

Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Қазақстанда гендерлік теңдікті белсенді түрде дамытуға қосқан үлесі үшін Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық (ары қарай - ОАӨЭЫ) бағдарламасының жүлдесін елімізде алғашқылардың бірі болып жеңіп алды, деп хабарлайды Kazinform.

Марапат банкке «Ұмай» әйелдерді тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасын сәтті жүзеге асырғаны үшін тағайындалды. Үш жыл ішінде бұл жоба ірі қалаларда ғана емес, сонымен қатар облыс орталықтары мен шағын қалаларда 3 500-ден астам қыз-келіншектің баспаналы болуына көмектесті. 

– Гендерлік теңдік – адам құқықтарының ең маңызды бөлігінің бірі, ол қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуде басты рөл атқарады. Оның негізі – экономикалық теңдік. Сондықтан Отбасы банк әйелдердің баспаналы болуына барынша күш салып жатыр», - деді «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Ләззат Ибрагимова өзінің кәсіби мансабында Қазақстандағы гендерлік теңдік идеяларын белсенді түрде ілгерілетіп келеді. Осылайша, оның жетекшілігімен «Даму» қоры Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің (ЕҚДБ) қаражаты есебінен әйелдер кәсіпкерлігі субъектілерін қолдау шарасы шеңберінде Орталық Азиядағы алғашқы несиелік желіні іске қосты. 2016 жылы ЕҚДБ басшысы Сума Чакрабарти гендерлік теңдікті дамытуға қосқан үлесі үшін Ләззат Ибрагимованы марапаттады. 

марапат
Фото: www.carecprogram.org

Отбасы банкінің «Ұмай» бағдарламасы қызметтің түрлі саласындағы және табысы әртүрлі әйелдердің баспана мәселесін шешуге көмектесті. 

– ESG-қағидаттарын ұстану, қоғам мен қоршаған ортаның игілігі үшін одан әрі тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін, Отбасы банкінің стратегиялық таңдауы болып табылады. Сондықтан банк «жасыл қаржыландыру», гендерлік теңдік, сондай-ақ жастарды қолдау мәселелері бойынша өз ұстанымдарына берік, - деп толықтырды «Отбасы банк» АҚ Жоспарлау және стратегиялық талдау департаментінің директоры Алена Финогенова. 

ОАӨЭЫ – бұл 11 елдің (Ауғанстан, Моңғолия, Әзербайжан, Пәкістан, Қытай, Тәжікстан, Қазақстан, Түрікменстан, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан) және даму бойынша серіктестерінің (Азия даму банкі, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық валюта қоры, Ислам даму банкі, БҰҰ даму бағдарламасы, Дүниежүзілік банк және Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкі) экономикалық өсуді арттыруға және кедейшілікті азайтуға бағытталған серіктестігі. 

Айта кетейік, ОАӨЭЫ сыйлығы қоғамға елеулі үлес қосқан көшбасшыларға беріледі.

Соңғы жаңалықтар