Отбасы мүшелері Қазақстаннан пана тапқан газалық дәрігер Нобель сыйлығына ұсынылды

АСТАНА. KAZINFORM — Газа секторындағы палестиналық дәрігер Хусам Әбу Сафияның бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынылуы соғыс кезінде өз міндеттерін атқаруды жалғастырған медицина қызметкерлерінің ерлігін мойындау болды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі

Врач из Газы, семья которого спаслась в Казахстане, номинирован на Нобелевскую премию мира
Фото: Anadolu

Оның кандидатурасын ұсыну туралы бастама дәрігердің ерекше батылдығы мен адамгершілігін мойындаған Нидерландтың Doctors for Gaza ұйымына тиесілі. Оның кандидатурасын қолдаған петицияға 40 мыңнан астам адам қол қойған

Газа секторындағы дәрігер бірнеше айға созылған қоршау кезінде төзімділік пен адамгершіліктің символына айналды. Қорқыту мен үздіксіз атқылауға қарамастан, ол пациенттерін тастап кетуден бас тартып, 2024 жылдың желтоқсанында Израиль күштері тұтқындағанға дейін ауруханада қалып отырды.

Қорғаушысының мәліметінше, доктор Әбу Сафия қазір Израиль билігінің қолында сотсыз және ауыр жағдайда қамауда отыр, бұл оның денсаулығына кері әсерін тигізіп отыр, деп хабарлайды палестиналық БАҚ.

Еске сала кетсек, 2024 жылдың қазан айында дәрігердің 15 жасар ұлы Ибраһим Израиль шабуылы кезінде қаза тапқан. Дәрігер Хусам соған қарамастан ұсталғанға дейін ауруханада жұмысын жалғастырды.

Құқық қорғау ұйымдарының мәліметінше, қақтығыс басталғаннан бері секторда 1600-дан астам медицина қызметкері қаза тапты, тағы жүздеген адам әлі қамауда отыр.

Doctors for Gaza бастамасы еуропалық гуманитарлық ортада кеңінен қолдау тапты. Нидерланд және Норвегиядағы адам құқықтарын қорғау ұйымдарының өкілдері доктор Әбу Сафияны мойындау «от астында адамдардың өмірін сақтап қалғандардың барлығына ынтымақ хабары» болатынын атап өтті.

Дәрігердің әйелі Альбина Әбу Сафия мен олардың балалары — Қазақстан азаматтары. Олар тамыз айында Газа секторынан эвакуацияланып, қазір қауіпсіз жерде орналасқан. Қазақстан дәрігер Әбу Сафияның отбасына баспана беріп, оларға соғыс жүріп жатқан Палестина анклавынан эвакуациялау кезінде гуманитарлық көмек көрсетті.

Дәрігердің тағы бір ұлы Ілияс Әбу Сафия Kazinform тілшісіне берген сұхбатында әкесіне берілуі мүмкін номинация — «тек отбасының ғана емес, ең қиын жағдайларға қарамастан төзімділік пен адамгершілік танытқан барша медицина қызметкерінің мақтанышы мен алғысы» екенін атап өтті.

— Біз бұл жаңалықты мақтаныш және ауыртпалықпен қабылдаймыз. Менің әкем халықаралық деңгейде мойындалса да, ол әлі де түрменің қатал жағдайында өмір сүріп отыр. Бұл номинация оның ісіне және негізсіз қамауға алынған барлық дәрігердің тағдырына назар аударады деп үміттенеміз, — деді Ілияс.

Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары 10 қазан, жұма күні белгілі болады.

Биыл Нобель сыйлығына 338 үміткер ұсынылды. Олардың арасында АҚШ президенті де болуы мүмкін.

Трамп бейбітшілік үшін Нобель сыйлығын ала ма? Мына материалдан оқи аласыз. 

Соңғы жаңалықтар