Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан бас тарту күшейіп келеді - Ерлан Қарин
Бүгін бүкіл әлемде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күні атап өтіледі. Қазақстанда әйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылыққа қарсы күреске зор мән беріледі. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Telegram-арнасында хабарлады, деп хабарлайды Kazinform.
— Президент қыркүйек айындағы Жолдауында «Біз отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың көптеген жағдайына көз жұма қарауға болмайтынын» тағы да атап өтті. Қазір Мәжіліс депутаттарының тобы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге бағытталған заңнамалық түзетулерді бастамашыл тәртіппен әзірлеуде. Кейінгі резонанстық қылмыстар отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және жою жұмыстарын одан әрі күшейту қажеттілігін білдіреді.
Бұл ретте қабылданып жатқан институционалдық және заңнамалық шаралар қылмысқа және кез келген түрдегі зорлық-зомбылыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастырмай тиісті нәтиже бермейтінін түсіну маңызды.
Азаматтардың соңғы оқиғаларға реакциясы біздің қоғамда отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан бас тарту күшейіп келе жатқанын көрсетеді. Осылайша, қоғамдағы өзгерістер мемлекет қабылдайтын шаралармен қатар әйелдер мен балалардың қорғалуын қамтамасыз етудің маңызды факторына айналып отыр, — деп атап өтті Еран Қарин.