Отбасы күні: ШҚО құтқарушыларының балалары жер сілкінісі кезінде қалай әрекет ететінін көрсетті

Риддер қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің командирі Рустам Конбаев өз балаларына жер сілкінісі кезіндегі қалай әрекет ету керектігін мұқият үйреткен. Олар бұл туралы видео түсіріп, челлендж бастады.
Міне, алғашқы «дүмпулер» де сезілді. Ұлы бірнеше секунд ішінде қарындасын ертіп, үйде қауіпсіз орынды тауып, паналайды. Содан соң құтқарушыларға хабарласып, көмекке шақырды.
Өрт сөндіруші жұбайымен үш бала тәрбиелеп отыр. Әкесі бала-шағасына үнемі қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, қайталап ескертіп жүреді.
Екінші роликті №14 өрт сөндіру бөлімшесінің командирі, азаматтық қорғау старшинасы Ринат Сағидулдинов түсірген. Ол да бес жасар ұлына дабылды естігеннен кейін не істеу керектігін үйретті.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі өңір жұртшылығына үнемі қауіпсіздік шараларын сақтауға, табиғи апаттар кезінде қалай әрекет ету керектігін өздері үйреніп, балаларына да түсіндіру керектігін ескертеді.