09:43, 30 Шілде 2012 | GMT +5
Отбасылық жұп зираттарды бұзып, ақша тапқан
ҚОСТАНАЙ. 30 шілде. ҚазАқпарат - Қостанай облысы Меңдіқара ауданында вандализммен айыпталған отбасылық жұптың қылмыстық ісі сотқа тапсырылды.

Айыпталушылар мұсылмандардың қабірлерін бұзып, содан алынған кірпіштерді сатумен айналысқан.
Ер адам ұлының қабірі бұзылғандығы жайлы арызданған, сол бойынша тексеру амалдары жүргізілді.
Айыпталушылардың 3 баласы бар. ҚР ҚК-нің 275 бабы бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылулары мүмкін.