Отбасының берекесін алатын тирандарды жазалауға туыстары кедергі - ІІМ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха үйбұзақыларды жазалауға туыстарының қорқынышы кедергі екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұрып-соғу» және «Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру» қылмыстық заңнама тәртібімен қудалана бастаса да, саны азаймай тұр. 2015-2016 жылдары түскен 100 мыңнан астам хабарлама бойынша кінәлілерге ешқандай жаза қолданылмаған. Заңнама өзгергенімен үйбұзақылардан зардап шегетіндердің мәселесі шешілген жоқ», - деді Игорь Лепеха Мәжілістің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа арналған жиынында.

Оның сөзінше, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегушілер үйдегі дауды сыртқа шығармауды жөн көреді.

Өйткені үйбұзақының қаржысына тәуелді.

«Ішкі істер министрлігі тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы әрбір белгі бойынша ден қоятындай шаралар қабылдап жатыр. Олардың 60% бойынша полиция жәбірленушілердің арызын қайтып алуына байланысты шара қолдана алмады. Ал қолданыстағы заңнама бойынша, өтініш болмаса, полиция қызметкері «үй тирандарын» жауапқа тарта алмайды. Жазасыз екенін көрген зорлық көрсетуші «маған бәріне рұқсат» деген түсінікке бой алдырады. Оның соңы одан да ауыр зардаптарға әкеледі», - дейді вице-министр.


Соңғы жаңалықтар
telegram