Отбасының берекесін алатындарға қозғалған 20 мың іс «татуласу» себебімен тоқтатылған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеханың мәліметінше, 2022 жылы отбасының берекесін алатындардың үстінен қозғалған 20 мың іс «татуласу» себебімен тоқтатылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Зәбір көргендерден арыз түскен жағдайда әкімшілік хаттама толтырамыз. Оның тең жартысы сот алдына барғанда татуласу себебімен немесе зардап шеугішінің айнуына байланысты тоқтатылады. Бұл зардап шегушіні үгіттеу мен күш көрсетуші тарапынан қысым көрсету салдарынан болады. Мысалы, былтыр сотқа тұрмыстық дау-дамай бойынша 47 мың әкімшілік іс жолданған. Оның 20 мыңы тараптардың татуласуы себебімен тоқтатылды», - деді Игорь Лепеха Мәжілістегі талқылауда.

Осы олқылықтың орнын толтыру үшін енді тұрмыстық зомбылық жасаушы мен зардап шегуші сот алдында бір рет қана татуласа алатын норма енгізілгелі отыр.

«Бұл отбасында жәбірленушіге көрсетілетін психологиялық қысымды жоюға мүмкіндік туғызады», - деді вице-министр.


Соңғы жаңалықтар
telegram