Отыншиев ұсталған соң, ҚТЖ жұмысы қалай жүріп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын және пойыздар қозғалысы толық көлемде қамтамасыз етілгенін хабарлады.

ҚТЖ
Коллаж: Kazinform / 365info.kz / Rail-news.kz

Компания мәліметінше, жолаушылар мен жүк тасымалы үздіксіз жүзеге асырылып жатыр.

– Тасымалдау процесі үздіксіз жүзеге асырылып, жолаушылар мен жүк пойыздарының қозғалысы толық көлемде қамтамасыз етіледі. Қозғалыс қауіпсіздігі және тасымалдау кестесінің орындалуы үнемі бақылауда. Компанияның жолаушылар мен клиенттер алдындағы барлық міндеттемелері толық көлемде орындалады, – делінген ҚТЖ хабарламасында.

Ұлттық компания тасымалдау процесі қалыпты тәртіппен жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Елжас Отыншиев пен «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ұсталғанын растаған болатын.

Олар 11 қарашада ұсталған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.