Өтіп бара жатқан 2011 жыл тәуелсіз және гүлденген Қазақстанды құру жолындағы жаңа қадам болды - Қазақстан халқы Ассамблеясы

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Өтіп бара жатқан 2011 жыл тәуелсіз және гүлденген Қазақстанды құру жолындағы жаңа қадам болды.
None
None

Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының келе жатқан Жаңа жылмен құттықтауында айтылған.

ҚазАқпарат қазақстандықтарға жолданған құттықтаудың мәтінін таратады.

Құрметті отандастар!

Қымбатты қазақстандықтар!

Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық қазақстандықтарды келе жатқан Жаңа 2012 жылмен шын жүректен құттықтайды.

Өтіп бара жатқан 2011 жыл тәуелсіз және гүлденген Қазақстанды құру жолындағы жаңа қадам болды және біз дәстүр бойынша барлығымыз бірге ең жарқын оқиғаларды еске аламыз.

Бұл - тарихи оқиға - тарихымыздағы жаңа кезеңге, қасиетті қазақ жерінде біздің бірлігіміздің, игілігіміздің негізі болған Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы.

Бұл - ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезектен тыс сайлаудағы айқын жеңісі, Қазақстан халқы кезекті рет сенім мандатын қуаттап, бүкілхалықтық қолдауға ие болған Ұлт көшбасшысымен өзінің болашағын байланыстырды.

Бұл - Қазақстан халқының бірлігі мерекесінің жаңа форматы, ол достық пен патриотизмнің жарқын көрінісі бола отырып, әрбір қазақстандық үшін ерекше қымбат.

Біздің ортақ күш-жігеріміздің арқасында басты құндылықтар - ортақ Отанымыз - Қазақстан Республикасының әрбір адам тағдырымен ортақтығын, біртұтас ұлттық рухтың төңірегіне бірігу мен топтасудың қуатты ресурсына айналды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы келешекке сеніммен қарайды, жалпы жоспарларының көкжиектерін елеулі кеңейте түсуде. Оның барлық басымдықтары Тәуелсіздікті, мемлекеттілікті, ұлттық бірлікті, жауапкершілікті, ұлысаралық толеранттық пен қоғамдық келісімді нығайтумен байланысты.

Жаңа жыл ең сүйікті мерекелердің бірі. Бұр ерекше салтанат, бұл үміттер мен армандар мерекесі. Келе жатқан Жыл жаңа тамаша иядеяларды тарту етіп, барлығымыздың да оларды жүзеге асыруымызға медет берсін.

Жаңа жылда кім-кімнің де ісі алға бассын. Өйткені нақ солардан біздің ортақ өміріміз құралады. Ел тағдыры, біртұтас Қазақстан халқының тағдыры құралады.

Жаңа жыл қарсаңында өзіміздің жақындарымызға, туыстарымызға және достарымызға тілегендей - денсаулық, тыныштық және игілік болсын деген ең ізгі тілектерімізді білдіреміз!

Әр қазақстандық отбасында тыныштық пен бақуат өмір болсын! Жаңа жылда бақытқа, табыстарға және сәттілікке кенеле беріңіздер!

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Соңғы жаңалықтар