Өткен 11 айда еліміздің мұнай өңдеу зауыттарында 12,3 млн. тоннадан астам мұнай өңделді

АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2011 жылдың 11 айының нәтижелері бойынша отандық мұнай өңдеу зауыттарында 12369,42 мың тонна мұнай өңделді.
None
None

«Мұнай және газ ақпараттық талдау орталығы» АҚ деректеріне сүйенсек, еліміздегі үш мұнай өңдеу зауыттарында өңделген мұнайдан 2462,05 мың тонна бензин (93,6 пайыз), 3692,9 мың тонна дизель отыны (98,4 пайыз), 3313,7 мың тонна мазут (96,9 пайыз), 342,5 мың тонна авиакеросин (77 пайыз) өндірілген.

Бұл ретте 2011 жылы мұнай өңдеу көлемі 2010 жылдың деңгейінде сақталатындығы болжанады.

Соңғы жаңалықтар