Өткен 4 айда 6682 жұмысшының конституциялық құқығы қорғалды ? Маңғыстау облысы

None
None
АҚТАУ. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Осы жылдың өткен 4 айында облыс прокурорлары 6682 жұмысшының конституциялық құқығын қорғады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бейнеу ауданындағы «КАСКо» ЖШС-не тексеру жүргізген прокурорлар мұнда ҚР Еңбек заңының дұрыс орындалмайтындығын, яғни жұмысшылардың айлық еңбекақысының уақытында берілмейтіндігін анықтады. Прокурорлардың ұйғарымымен кәсіпорын 2404 жұмысшысына осы жылдың қаңтар айындағы жалақылары - 128 500 000 теңге көлеміндегі қарыздарын өтеді. Сол сияқты Ақтаудағы «SAT OPERATING AKTAU» ЖШС бойынша да қала прокуратурасы ұйғарым етіп, жұмыс беруші мекеме 853 жұмыскеріне ағымдағы жылдың қаңтар айындағы 57 806 000 теңге көлеміндегі жалақыларын берді. Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторының қаулысымен аталған екі ЖШС-нің директорлары еңбек заңын бұзғаны үшін ҚР Еңбек кодексі 3-бөлім, 87 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Аталған мерзімде Еңбек заңын бұзғаны үшін барлығы 23 адам әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Соңғы жаңалықтар
telegram