Өткен апта ішінде елімізде 5175 қылмыс ашылды

АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат Өткен апта ішінде 5175 қылмыс, оның ішінде «ізі суымай» 2471-і ашылды. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді.

Өткен апта ішінде елімізде 5175 қылмыс ашылды

Оның айтуынша, осы уақыт аралығында бұрын жасалған 704 қылмыс, оның ішінде өткен жылдардағы 382 қылмыс ашылған.

Сондай-ақ,113 қылмыскер іздестіріліп табылды, 9 қару тәркіленді. 68 есірткі қылмысы, оның ішінде есірткі сатудың 24 фактісі анықталды. 112 килограмнан астам есірткі құралы, оның ішінде 630 грамм героин алынды.