Өткен аптада 13 адам кісі қолынан қаза тапты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бір апта ішінде Қазақстан аумағында 505 ұрлықтың беті ашылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ішкі істер министрлігінің баспасөз өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның ақпарат алаңында өткен аптадағы кримминогендік жағдай туралы ақпарат берді.
«Бір апта ішінде елде 3237 қылмыс жасалды. Оның 2212-сі тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері 8 кісі өлімі, өлімге әкеп соққан 5 жағдайы, бір қарақшылық, 41 тонау және 505 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ізін суытпай ашты», - деді ІІМ өкілі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 100 мыңға жуық қазақстандық наркологиялық есепте тұр. Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюктің айтуынша, учаскелік полиция қызметкері ондай азаматтарды мәжбүрлеу емдеуге бағыттауға құқылы.