Өткен аптада 5 кісі өлтіру қылмысы ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен аптада еліміздің аумағында 3 311 қылмыс жасалды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен аптада 5 кісі өлтіру қылмысы ашылды

Ресми өкілдің дерегінше, өткен аптада еліміздің аумағында 3 311 қылмыс жасалып, оның 2 269-ы бір тәулік ішінде ашылған.

«Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 5 кісі өлтіруді, 10 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 37 тонау және 528 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді Нұрділдә Ораз.

Сонымен қатар ол 16 мен 22 тамыз аралығында көлік ұрлығын болдырмауға және ұрланған көлік құралдарын анықтауға бағытталған «Автомобиль» атты алдын алу іс-шарасы өткендігін еске салды.